Талдыкорган қ. НЗМ
Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 47
Телефон: +7 (7282) 40-00-51 | Пошта: info@tk.nis.edu.kz
Біздің мектеп жайлы
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2018 жылы жоғары білім стандарттарын CIS мойындауымен растады. Халықаралық Мектептер Кеңесінің халықаралық аккредитациясы - ол мектептің халықаралық стандарттарға сәйкестігін өлшейтін және үздіксіз жетілдіру бойынша ұсыныстар беретін қатаң бағалау процесі. Осы стандарттарға қол жеткізу, Талдықорған НЗМ оқушыларын әлемдік азамат ретінде дайындау үшін қажетті білім, дағдылар мен құндылықтарды дамытуға бағытталған жоғары сапалы халықаралық білім беретінін растайды.

МИССИЯ

Өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету

ПАЙЫМДАУ

Өзгерістерге ашық, көшбасшылыққа дайын, өзі үшін, мемлекет пен әлем үшін жауапты мектеп қауымдастығы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ
БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқу процесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы – NIS-Programme бойынша жүзеге асырылады.
NIS-Programme әзірлеу кезінде қазақстандық контексті, ұлттық даму басымдықтарын және білім беруді дамытудың халықаралық трендтерін ескере отырып, кешенді тәсіл қолданылды.

Бүгінгі күні NIS-бағдарламасы A/As-level (Ұлыбритания), O-Level (Сингапур), Халықаралық Бакалавриат және т.б. көптеген халықаралық бағдарламалармен салыстыруға болатын қазақстандық бренд болып табылады.

Бастауыш мектептегі NIS-Programme негізгі міндеті – бастапқы білім беру дағдыларын қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ету.

1-5 - сыныптарға арналған NIS-Programme нәтижесі оқушылардың оқу жетістіктерімен, халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен жарыстардағы көптеген жеңістерімен расталады. «Ғылымға кіріспе», «Дүниетану» пәндері және сыныптан тыс жұмыстар арқылы дағдыларды игерген оқушылар жобалық жұмыстарды орындап, мектеп ашылғалы бері, 13 жыл қатарынан Республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жобалары байқауында жүлделі орындарды иеленіп келеді.
ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ
Бірінші (ана) тілді оқытуда грамматикалық құрылымдарды дәстүрлі оқытудан оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көшу қамтамасыз етіледі. Тіл мен әдебиет пәнінің интеграциясы көркем мәтіндерді қолдану арқылы төрт сөйлеу дағдысын (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) дамытуға негізделген.
Екінші және үшінші тілді (қазақ/орыс, ағылшын) оқыту 1-сыныптан бастап жүзеге асырылады және ойын мен танымдық іс-әрекеттер арқылы тілдерді үйренуге оң көзқарасты дамытуға бағытталған.
ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Мектепте түрлі оқу курстарынан өткен, Финляндия, Эстония, Ұлыбритания, Корея, Швеция білім беру жүйелерінің озық тәжірибесін қолданатын жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Мектепте білім беру мен тәрбиені ұштастыруға негізделген оқыту процесінің тұтас жүйесі ұсынылған «Шаңырақ» оқушылар қоғамдастығы жұмыс істейді. Әрбір «Шаңырақ» қазақ және орыс тілдерінде оқитын әртүрлі жастағы екі-үш сынып оқушыларын біріктіреді. Шаңырақтар мектептегі барлық іс-шараларға (қоғамдық акциялар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар, мерекелер т.б.) қатысады. Оқушылар қоғамдастығында тьюторлық қолдау көрсету орын алған, жоғары сыныптар кіші сыныптарға тәлімгерлік жұмыс жүргізеді.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ
Оқушылардың салауатты және қауіпсіз оқу жағдайларын қамтамасыз ету үшін Медициналық және Психологиялық қызметтер жұмысы ұйымдастырылған.

Медициналық қызмет білім алушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған бастапқы емдеу-профилактикалық, сауықтыру, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

Психологиялық қызмет оқушыларды бейімдеу, дамыту мен әлеуметтік ортаға тарту мақсатында олардың жеке қасиеттерін психологиялық тексеру және түзету кешенін жүзеге асырады.
МЕКТЕПТІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс жақсы дамыған. Мектептің ішкі және сыртқы аумақтарына тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Мектеп ғимаратына кіру және шығу үшін FaceID жеке тану жүйесінің бақылауы бар.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Мектептің барлық сынып бөлмелері интерактивті тақталармен, жаңа парталармен, компьютерлермен жабдықталған. Мектепте бассейн, мол кітап қорымен қамтамасыз етілген заманауи кітапхана бар. Сыныпта неғұрлым тиімді оқу ортасын құру үшін оқушылар қажет болған жағдайда, ноутбуктермен және планшеттермен қамтамасыз етіледі. Әр оқушының киім-кешек пен аяқ киім ауыстыратын жеке шкафы бар.
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАЛАР
Мектепте оқушыларды жан-жақты дамыту үшін шығармашылық, спорттық, пәндік үйірмелер жұмыс істейді. Оқушыларға үстел теннисі, шахмат, джиу-джитсу, футбол, жүзу, тоғызқұмалақ, хореография, балалар хоры, вокал және т.б. секцияларға қатысуға таңдау ұсынылады. Сабақтан тыс уақытта сыныппен бірге бос уақыт өткізу үшін экскурсиялар, киноға, театрлар мен мұражайларға бару ұйымдастырылады.

МҰҒАЛІМДЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ


Ата-аналар жиналысы «бетпе-бет» форматында өтеді. Олар ақпараттық, оқыту-ағарту, кеңес беру, профилактикалық және үйлестіру сипатында ұйымдастырылады. Педагогтердің, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық қызметі үшін отбасылық шығармашылық күндері мен мерекелер өткізіледі.

ҚОСЫМША ОҚУ


Оқушыларға жеке қолдау көрсету үшін мектепте пәндер бойынша әртүрлі форматтағы қосымша сабақтар қарастырылған.

ТАМАҚТАНДЫРУ


Мектеп асханасында оқушылар таңғы ас, толық түскі ас және түстен кейінгі тағамдардан тұратын үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.
ОҚУ КЕЗЕҢІ
2024 жылдың қыркүйегінде қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын бастауыш мектептің бірінші сыныптарын ашу жоспарлануда.
Бастауыш мектепке арналған NIS-Programme бағдарламасы 1-5 сыныптарда білім беруді қамтамасыз етеді. 6-сынып бастауыш мектепке кірмейді, сол себепті 6-сыныпта оқушылар басқа мектепке ауысуы керек.
7-сыныпта оқушылар «Өркен» білім грантына ие болу үшін жалпыға ортақ ереже бойынша конкурстық іріктеуге қатыса алады.
NIS 1-5 - сынып оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсуде ешқандай артықшылықтарға ие бола алмайды.
ОҚУ ҚҰНЫ
Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталуы жоспарлануда. Жылдық оқу ақысы 2 530 000 теңгені құрайды.
Егер сізді қызықтырса, өтінім
қалдырыңыз!
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Сұрақ:
Тамақтану үшін қосымша ақы бар ма?
Жауап:
Жоқ, тамақтану оқудың жалпы құнына кіреді.
Сұрақ:
Үйірмелер мен спорт секцияларына қосымша ақы төлене ме?
Жауап:
Жоқ, қосымша білім беру оқудың жалпы құнына кіреді.
Сұрақ:
1-сынып оқушысының күн тәртібі қандай?
Жауап:
1-сынып оқушысының күн тәртібіне мыналар кіреді:
1. 8-15-12.30 сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысу
2. 12.35-14.15 – секцияларға, үйірмелерге бару
3. 12.35-14.15 – қажет болған жағдайда пәндер бойынша қосымша сабақтарға қатысу.
Сұрақ:
Шетелдік мұғалімдер оқушылармен жұмыс істей ме?
Жауап:
Шетелдік мұғалімдер балалармен сабақтан тыс іс-шаралар жүргізуге тартыла алады, бірақ пәндер бойынша сабақ бермейді.
Сұрақ:
Бір сыныпта неше оқушы бар? Топтарға бөлу бар ма?
Жауап:
Бір сыныпта 24 оқушыдан аспайды. Екінші тіл, Ағылшын тілі, Информатика, Өнер сияқты пәндер бойынша 12 оқушыдан тұратын шағын топтарға бөлу қарастырылған.
Сұрақ:
Оқу ақысына мектеп формасы кіре ме?
Жауап:
Жоқ, ата-аналар мектеп формасын өздері сатып алуы керек.
Мектеп киімінің түсі қою көк, жейде мен блузканың түсі ашық түсті.
Ұл балаларға арналған мектеп киімі: пиджак, шалбар, ақ көйлек. Ұл балаларға арналған шалбар кең және тобықты жауып тұратын ұзындықта болуы қажет.
Қыздарға арналған мектеп киімі: пиджак, юбка, шалбар, классикалық блузка. Қыздарға арналған шалбар кең және тобықты жауып тұруы керек. Юбканың ұзындығы тізеден төмен болуы қажет.
Сұрақ:
Бастауыш мектепте оқу грантқа түсуге қандай да бір кепілдік бере ме?
Жауап:
Ақылы түрде оқыған бастауыш мектеп түлектері грантта оқу үшін, жалпы ереже бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш бере алады немесе сыныптарда бос орындар болған жағдайда ақылы негізде оқуын жалғастыра алады.
Сұрақ:
НЗМ оқу бағдарламасының жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасынан айырмашылығы неде?
Жауап:
Бастауыш сынып пәндері өзара кіріктірілген сипатта оқытылады. NIS-бағдарламасы баланың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған көптеген зерттеушілік және жобалық тапсырмаларды ұсынады. Жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларымен салыстырғанда материалды меңгеруде ішінара ілгерілеушілік бар. Сонымен бірге баланың мектепке бейімделуі бірте-бірте жүреді - оқытылатын материалдың көлемі біртіндеп, ойын түрінде және тапқырлық пен қиялға арналған тапсырмалардың көмегімен ұлғаяды.
Бағдарлама баланың дербес белсенділігі мен өзін-өзі бағалауына бағытталған. Бағдарламаның ерекшеліктері – білім берудің барлық кезеңдеріндегі (бастауыш, негізгі және жоғары мектеп) сабақтастық, алған білімдерін жүйелі түрде пайдалану және үздіксіз оқу міндеттері.
Сұрақ:
Қабылдау ережелері қандай?
Жауап:
Баланы 1-сыныпқа қабылдау оның заңды өкілдерінің (ата-анасының) өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Сұрақ:
«Оқу жылы бойынша үш пәннен «3» болса - мектептен шығарылады» ережесі ақылы сыныптарда оқитын оқушыларға қатысты бола ма?
Жауап:
Оқушы 10 күннен артық себепсіз сабаққа қатыспағаны үшін немесе оқу жылын бір немесе бірнеше пәннен «қанағаттанарлықсыз» бағамен аяқтағаны үшін мектептен шығарылуы мүмкін.
Сұрақ:
Егер бұл толық күндік мектеп болса, оқушылармен үй тапсырмасын мектепте орындау қарастырыла ма?
Жауап:
Бірінші сынып оқушысының мектеп тәртібіне мектепте үй тапсырмасын орындау кірмейді.
Сұрақ:
Үздік оқушыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер немесе оларды тегін оқуға ауыстыру қарастырыла ма?
Жауап:
Ережеде үздік оқушыларға жеңілдіктер немесе оларды тегін оқуға ауыстыру қарастырылмаған.
Сұрақ:
Жалпы білім беретін мектептерде бірінші сынып оқушыларына үш тілді қатар оқыту тоқтатылды, бұл НЗМ-де қалай болады?
Жауап:
Үш тілде білім беру NIS-Бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан екінші және үшінші тілдерді (қазақ/орыс, ағылшын) оқыту 1-сыныптан бастап жүзеге асырылады және ол ойын мен танымдық әрекеттер арқылы тілдерді үйренуге деген оң көзқарасты дамытуға бағытталған.
  • Біздің байланыс
    Телефон: +7 (7282) 40-00-51
    Пошта: info@tk.nis.edu.kz
  • Мекенжайымыз
    Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 47

@2023 Талдықорған ФМБ НЗМ

  • БАЙЛАНЫС
Мекенжай: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 47
Пошта: info@tk.nis.edu.kz
Made on
Tilda